Шымкенттегі сотта Берденовтің оқ тиген жаралы денесі көрсетілді (ФОТО)

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Сот отырысында атыс дыбысын мерекелік отшашу деп қабылдаған куәгерлерден жауап алынды. деп хабарлайды sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға куәгері Гауһар Нұржанова алғашында қатты дыбысты отшашу деп ойлағанын еске алды.
"Басында отшашу атылғандай болып көрінді. Бірақ құрбым бірден әрекет етіп, "еңкей" деді. Сонда атыс екенін түсіндім. Жерде ақ жейде киген адам қансырап жатқанын көрдім. Жедел жәдем келген сол жерде болдық, басына шолақ жең киімімді төсеп қойдым", – дейді ол.
Жиембайдың досы Бағлан Момынов оқиға болған күні досына сөмкесін тасуға көмектескен, бірақ ішінде не болғанын білмеген.
"Біз әдетте балық аулауға баратынбыз. Сол күні мен жұмыстан қолым босамай, оқиға туралы теледидардан білдім", – деді ол.
Жиембайдың көлігінен сөмкені алып кеткенін кейін білген.
Бүгінгі сот отырысының алғашқы жартысында төрт куәгер сөйлеп үлгерді.
Ал Аманғали Кенжебеков Жиембайға жұмыстан шығатыны туралы арыз жазған-жазбағанын сұраған екен. Жиембай оған өзіне бір ай берілгенін айтыпты. Осыдан кейін Руслан Берденов көмекшісі келген. Талап Рахымбердиев алғашында ізеттілік танытқан Жиембайдың арыз жазсын деген сөзден кейін құбылғанын айтады. Дөрекілік танытқан мердігер өзіне мас күйінде хабарласқанын да жеткізді.
"Берденов мырзаның тапсырмасымен Жиембайды презентациясымен қабылдауға бір күн бұрын жеке шақырдық. Келді. Бірақ мекемесін таныстыруға презинтациясы дайын болмай, біздің принтерден шығарып алуға тырысты. Дайын емеспін деді. Одан басқа мекеме басшыларының барлығында слайд дайын болды. Ол бюджет бөлінгенде әзірленуі керек ақпараттар. Киім үлгісі де ресми үлгіде болмады. Әкімдікке келген соң ресми үлгіде костюм-шалбармен келу керек. Ол жейдемен келді. Берденов мырза әрдайым жиналыста айтатын: "Біз сендерге тексеріс кіргізгіземіз. Антикор, ДЭР, прокуратура. Мекеменің бәрін қабылдау алдында түгелдеу тексеріс жүргізу керек" дейтін. Екінші кездесу екі аптадан кейін болды. Ернардың қалауымен. Содан кейін түстен кейін маған хабарласты. Сөйлегені басқаша болды. "Русланға берші телефонды. Үйіне кетті ма? Үйіне барамын болмаса" деді. Меніңше, ішіп алған. Өз еркімен арыз жазсын деп жатыр бастық деген "Өлемін немесе оны өлтіремін деп айтты”, – дейді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






