ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды

Қараша 5, 2025 - 09:29
 0  23
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды
фото: әлеуметтік желіден

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза болып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған sadaq.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні Өскемен-Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болған.

"ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол апатының мән-жайы мен қаза болғандардың кім екені анықталуда.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0