СІМ Германияда із-түзсіз жоғалған экс-судьяға қатысты түсініктеме берді

Ресми өкілдің айтуынша, 5 маусымда Майнда Франкфурт қаласындағы ҚР-ның бас консулдығына Қазақстан азаматтары 2024 жылғы 3 маусымда қызының жоғалып кеткенін айтып арыз түсірген.

Маусым 10, 2024 - 15:58
Маусым 10, 2024 - 15:59
СІМ Германияда із-түзсіз жоғалған экс-судьяға қатысты түсініктеме берді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда бір аптадан бері хабар-ошарсыз кеткен қазақстан азаматы, Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаева туралы пікір білдірді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, 5 маусымда Майнда Франкфурт қаласындағы ҚР-ның бас консулдығына Қазақстан азаматтары 2024 жылғы 3 маусымда қызының жоғалып кеткенін айтып арыз түсірген.

«Бас консулдық осы өтінішті ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция жедел іздестіру іс-шарасын бастап кетті. Елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді және оған біздің тікелей араласуға құқығымыз жоқ», – деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айбек Смадияров қазақстандық дипломаттар жоғалған әйелдің туыстарымен тікелей байланыста екенін мәлім етті.

«Қазір неміс тарапына бұл істі жеке бақылауға алу және барлық қолғабысты көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, жоғалған Қазақстан азаматының туыстарына виза алып беру үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді ресми өкіл.

Бұған дейін Германияда тұратын Айгүл Сайлыбаева қазақстан азаматы із-түссіз жоғалып кетті деген ақпарат тараған еді. Сондай-ақ оның Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы әрі Болашақ бағдарламасының түлегіекені айтылған.  

Ағасы Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, Айгүл соңғы төрт күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Айгүл күйеуі Александр Донцов пен оның анасынан ұзақ уақыт тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келген екен. Айгүл Сайлыбаеваның туыстары Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен Айгүлді тауып, күйеуін жазалауға көмектесуін сұрайды.

"Менің әпкем 1984 жылы туған Қазақстан азаматшасы. 2019 жылы ол күйеуімен бірге елден кеткен. Айгүл Астана қаласы Сарыарқа ауданының судьясы қызметін атқарды. Бұған дейін әділет министрлігінде жұмыс істеген. Ол "Болашақ" бағдарламасының түлегі, президенттік шәкіртақы алған. Александрмен бірге олар Мәскеуде, Германияда және Америкада тұрды. Олар қазір Германияның Бейншейм қаласында тұрады, Франкфурттен небәрі 40 шақырым жерде", – дейді Қанат Сайлыбаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow