«Сыпайы түрде бас тартуы керек еді»: Тағы бір атақ алған Димаш Құдайберген сынға қалды

Желтоқсан 18, 2025 - 11:35
 0  15
«Сыпайы түрде бас тартуы керек еді»: Тағы бір атақ алған Димаш Құдайберген сынға қалды
Фото: ғаламтордан

Күні кеше Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қабырғасында танымал әнші Димаш Құдайбергенмен кездесу өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Кездесу барысында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға, жастардың рухани тәрбиесіне қосқан үлесі және Қазақстанның халықаралық имиджін ілгерілетудегі еңбегі үшін ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атағын табыстады.

Димаш өз кезегінде медицина саласының жауапкершілігі жоғары екенін айтты.

«Сіздер өте қиын әрі жауапты жолды таңдадыңыздар. Медицина – қателікті кешірмейтін сала. Бұл үздіксіз ізденісті, өз-өзіңе талап қоя білуді қажет етеді. Меніңше, нағыз жұлдыздар – дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады», — деп атап өтті Димаш.

Алайда осы жаңалықтан кейін желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.

Бірі әншіге қолдау білдіріп жатса, екіншілері сынға алды.

«Өмірімде Димашқа хейт жазам деп ойламаппын. Бүгін Димашқа «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің Профессоры» атағы беріліпті. «Құрмет көрсеткендеріңізге рахмет, бұл атаққа медицинаға немесе ҚазҰМУға еңбегі сіңген менен де басқа лайықты адамдар бар», — деп сыпайы түрде бас тартуы керек еді. Келесі профессорымыз кім болады? Дастан Сәтпаев па әлде Анарбеков па? Еркебұлан Тоқтардың да мүмкіндігі жоқ емес…», — деп жазды бір оқырман.

Енді бірі: « Димаш – біздің музыкамен емдейтін дәрігеріміз» деп жазды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0