«Сириядан қашқан Башар Асад Мәскеуден пана тапты» - БАҚ

Ресей гуманитарлық себептерге байланысты оған баспана берген.

Желтоқсан 9, 2024 - 10:05
«Сириядан қашқан Башар Асад Мәскеуден пана тапты» - БАҚ

Сирияда режимі құлаған президент Башар Асадты Ресей паналатты, қазір ол Мәскеуде. Бұл туралы 8 желтоқсан кешке ТАСС агенттігі мен тағы басқа ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдары Кремльдегі дереккөзіне сүйеніп хабарлады, деп жазады Азаттық радиосы.  

"Асад үй-ішімен бірге Мәскеуге келді. Ресей гуманитарлық сипаттағы негіздерге сүйене отырып, оларға пана берді", – деді аты-жөні аталмаған дереккөз сөзіне сүйенген агенттік. 

ТАСС хабарламасында Асадты "бұрынғы" президент деп атаған, дегенмен ол президент өкілетін тоқтататыны туралы ресми түрде әлі мәлімдеген жоқ. Ресей сыртқы істер министрлігі 8 желтоқсан түстен кейін жасаған ресми хабарламада оппозициямен келіссөз нәтижесінде Асад президент қызметінен және елден кетуге келісті деп хабарлады. 

Сирияның Мәскеудегі елшілігінен дипломатиялық өкілдік туы мен тақтайшасы алынды деген хабар тарады. Сирияда Башар үкіметін биліктен тайдырған оппозиция басқа туды қолданады. 

Сирияны 24 жыл басқарған Башар Асад Дамаскіден кетті деген ақпарат жұртқа жексенбіге қараған түні, қарулы оппозиция жасағы қаланы басып алғаннан кейін тараған еді. 

Асадтың Мәскеуге қалай жеткені әзірге белгісіз. 8 желтоқсан таңертең Reuters агенттігі Flightradar деректеріне сілтеп, Асад ұшты деген ұшақ радардан жоғалып кетті деп жазды. Бұдан соң "ұшақ апатқа ұшырады" я "оны атып түсірді" деген қауесеттер тарады. 

Азаттық анықтаған мәлімет бойынша, Асад Хмеймим әуе базасынан ұшып шыққан ресейлік Ил-76 ұшағын пайдаланған болуы мүмкін. 8 желтоқсанда базаға ресейлік Ан-124 деген ұшақ барып қонған (кейінгі күндері екінші рет ұшып барған). Негізгі нұсқаға сәйкес, Сирияда Ресей әскери-азаматтық авиациясының белсенділігі Асад режимі құлап жатқанда Ресей әскерін елден эвакуациялау кезінде артқан. Хмеймим әуе базасы – Ресей үшін Мәскеу мен Африка арасындағы хаб ретінде өте маңызды орын саналады. Ресей қорғаныс министрлігі Орталық Африка республикасына, Ливия және басқа да Африка елдеріне жасайтын рейстерінің көбі Сириядағы базаны пайдаланған. 

Башар Асадтың Сириядағы және Батыс елдеріндегі бәсекелестері оны көптеген қылмыс жасады, соның ішінде бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыптайды. Тауя Шығыста "Араб көктемі" деген атауға ие болған оқиғалар кезінде – 2011 жылы жаппай көшеге шыққан халық наразылығын күшпен басып-жаншудың арты Сирияда әртүрлі саяси күштер қатысқан азамат соғысғына ұласты. Ресей қарулы күштері Асад жағында Сириядағы соғысқа қатысып, қарсы тарапты бомбалады, сонымен қатар Сириядағы соғысқа ресейлік "Вагнер" жалдамалы әскер тобын тартып, жаяу операцияларға да қатысқан. 

ТАСС агенттігі дереккөзіне сілтеп, Ресей билігі Сирияда билікке келген оппозиция өкілдерімен байланыста отыр, олар Ресейдің әскери базалары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қауіпсіздігіне кепілдік берді деп хабарлады. Ресей пропагандасы осы уақытқа дейін Асадтың қарулы бәсекелестерін "террористер" деп атаған (олардың қатарында Ресейде және әлемнің өзге де бірсыпыра елінде террористік деп танылған топтар бар, бірақ әңгіме оппозицияның фракциялары туралы емес) және оларды Батыс елдері я Түркия бақылауда ұстап отыр деп мәлімдеген. Кейінгі күндері ресейлік мемлекеттік БАҚ пен ведомстволар риторикасы біршама өзгерді. 

Асадтың өзі Ресейді, соның ішінде оның Украинадағы әрекетін бірнеше рет қолдаған. Сирия үкіметі Ресейдің Украинадағы аннексиясын мойындаған. 

Жексенбі күні қарулы оппозиция Сирияның барлық дерлік аумағына, бұрын Асад үкіметінің қоластында болған (режимі құлағанға дейін ел аумағының бір бөлігі оған бағынбаған), соның ішінде ресейлік базалар орналасқан Тартус пен Хмеймим аудандарына бақылау орнатқаны туралы хабар тарады. 

Дамаскідегі оппозиция күштері Асад пен оның жақындарының сарайы мен резиденциясына кірді. Ол жерден түсірілген видеолар желіде жарияланды. 

Асад режимі құлағаннан кейін Сирияны кім және қалай басқаратыны әзірге белгісіз. Премьер-министр бастаған қазіргі үкімет әзірге өз міндетін орындауды жалғастырады. Ірі оппозициялық топтардың жетекшілері жаңа Конституция мен сайлау дайындау қажет деп мәлімдеді. Қараша айында ғана Асад әскері Сирияның барлық дерлік ірі қаласын және ел аумағының көп бөлігін бақылауында ұстап

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow