СҚО-да жасөспірім ойын алаңында өз-өзіне қол жұмсады

Тамыз 19, 2025 - 12:19
chat_bubble  0 visibility  35
СҚО-да жасөспірім ойын алаңында өз-өзіне қол жұмсады
Фото: Алексей БУЛАТОВ / KP.RU

Аққайың ауданына қарасты Кенжегалы ауылында 17 жастағы жасөспірім қайғылы жағдайға тап болды. Ол өз үйінің ауласындағы турникке асылып, көз жұмған. Марқұмның денесін ата-анасының бірі тауып алған, деп хабарлайды sadaq.kz.

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары жасөспірімнің мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасында тұрмыстық қиындықтар болмаған, ата-анасы баланың мінез-құлқына қатысты мәселе байқамаған. Қайғылы оқиға орнынан өлер алдындағы жазба табылмаған.

Бұл – аймақтағы соңғы аптадағы екінші жасөспірім суициді. Бұған дейін Айыртау ауданының Никольско-Бурлук ауылында 14 жастағы жасөспірім де асылып қалған күйінде табылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0