Соғысқа дайын болуымыз керек - әскери сарапшы

Шілде 3, 2025 - 13:27
Соғысқа дайын болуымыз керек - әскери сарапшы
фото: видеодан скриншот

Sadaq Media-ның «Durbi» подкастында қонақта болған әскери сарапшы, спецназ депутат Файзолла Кәменов еліміздің қазіргі  әскери ахуалы, көрші елдердегі текетірес жайында сұхбат берді, деп жазады Sadaq.kz ақпарат порталы. 

Спикер сұхбат барысында Ресей-Украина соғысында қай ел жеңіске жететініне болжам жасай келе, біздің ел де соғысқа дайын болуы керегін айтты.

«Қазақстанның мүддесін тек өзіміз ғана қорғай аламыз деп есептеймін. Өзіміз күшті болуымыз керек. Өзімізге өзіміз сенімді болуымыз керек. Әскери қауіпсіздікті нығайту қажет. «Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайын бол» деген сөз бар. Себебі, қазіргі соғыс бұрынғы соғыстардай емес. Тактика күнде өзгеріп жатыр. Неге билік қазіргі Қорғаныс министрі ретінде ұшқышты қойды? Онда да бір гәп бар шығар. Мұны жайдан-жай қабылданған шешім емес деп ойлаймын. Ал Ресей-Украина соғысына келер болсақ, меніңше, Украина ұтылатын сияқты. Дегенмен, Ресейдің де жағдайы оңып тұрған жоқ. Біраз күн бұрын ғана дрон шабуылынан Ресейдің бірқатар стратегиялық авиациясы бір-ақ күнде жоқ болды. Дегенмен, «Бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтар» дейді. Бұрыннан қалған амбициялары бар. Айналдырып әкелгенде, олардың жеңісі ертең бізге тоқпақ болып тимесе болды, Құдай бетін аулақ қылсын», - деді ол.

Файзолла Кәменов Ресейдің бөлініп кеткені Қазақстанға қаншалықты тиімді екеніне де тоқталды. Оның айтуынша, үшінші дүниежүзілік соғыс ядролық тетік кімнің қолында, соған байланысты. 

«Ешкімге тиімді емес шығар. Себебі, үшінші дүниежүзілік соғыс ядролық тетік кімнің қолында болса, соған байланысты. Қытай күшейіп келе жатыр деп жүрміз. Бірақ, түптің түбінде КСРО кезіндегі барлық ядролық қару Ресейде. Америкадан кейін. Оны АҚШ-та, Ресей де біледі. Егер ядролық тетік басылатын болса, дәл жанында тұрған біз бірінші кетеміз, адамзаттың соңғы соғысы сол болатын шығар», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow