«Сол күндер әлі есімде»: Бағлан Әбдірайымов әнші Мақсат Базарбай туралы шындықты айтты
Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов әріптесі Мақсат Базарбайға деген ерекше құрметін білдіріп, оның шығармашылығы бала күнінен өзіне зор әсер еткенін айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет Мақсат Базарбайдың орындауын 2000–2001 жылдары көргенін еске алды. Оның айтуынша, Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мәдениет үйінде өткен концерттен алған әсері әлі күнге дейін ұмытылмаған.
Бағлан Әбдірайымов сол кеште әншінің домбырамен орындаған туындылары жүрегінде ерекше із қалдырғанын атап өтті. Кейін «МузАРТ» құрамындағы әндерін тыңдап өскенін айтып, орындаушылық мәнері мен дауыс ерекшелігіне әрдайым тәнті болғанын жеткізді.
Сондай-ақ ол жас кезінде Мақсат Базарбайдың ән айту стиліне еліктеп, орындаған кездері де болғанын жасырмады. Өнер иесі жазбасын әріптесіне ақ тілегін арнап аяқтап, шығармашылық жолының ұзақ әрі табысты болуын тіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0