Солтүстік Қазақстан қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы қамауға алынды

Ол өз кабинетінде миллион теңге көлемінде пара алған.

Шілде 10, 2024 - 15:19
app_badging Шілде 10, 2024 - 15:20
chat_bubble  0 visibility  69
Солтүстік Қазақстан қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында ұсталғанын растайды. Кейін қосымша ақпарат береміз» делінген агенттіктің ресми мәліметінде.

Орда.кз сайтының жазуынша,Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысы Әділет Мұстафинов ұсталды. өз кабинетінде белгісіз әйелден миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған. Күдікті тергеу амалдарын жүргізу үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әділет Мұстафинов бұл қызметті 2023 жылдың мамырынан бері  атқарып келеді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0