Сұлтан Сәрсемәлиев ісі: жәбірленуші тарап 70 млн теңге өтемақы талап етті
Атыраудағы тұтас бір отбасының өлімі бойынша сот отырысында сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтен моральдық шығын үшін 70 миллион теңге өтемақы талап етті, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеп.
Қарабалин мен Өтешқалиев отбасыларының атынан марқұм Мақсот Қарабалиннің әпкесі Әдемі Шілмағамбетова жәбірленуші деп танылды. Өтемақыны да ол талап етті.
Сотталушы жәбірленушінің талаптарымен келісетінін, бірақ сот шешімін орындау үшін мүлкі мен қаржысы жетіспейтінін атап өтті.
"Менің жалғыз байлығым – менің күндерім", – деді Сәрсемәлиев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0