Тағы бір танымал блогерге іздеу жарияланды

Тамыз 7, 2026 - 12:36
chat_bubble  0 visibility  2
Тағы бір танымал блогерге іздеу жарияланды
Фото: qamqor.gov.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті тағы бір блогерге іздеу жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл жолы 26 жастағы Махмуд Хикматов онлайн казино ісі бойынша іздеуде жүргендер тізіміне енгізілді.

Тергеп-тексеру органының нұсқасы бойынша 2025 жылғы қаңтарда ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиторияны пайдалана отырып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казино жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарына қатысуға тартқан. 

Интернет-казиноны насихаттағаны үшін оның криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0