«Талай әртістер одан да зорын жасады»: Меруерт Түсіпбаева сахнаға мас болып шыққан ақынға қолдау білдірді
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева айтыскер ақын Мақсат Ақановқа араша түсіп, оны кешіруге шақырды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол айтыскердің әрекетін әзіл ретінде қабылдауға болатынын айтып, басқа өнер адамдарының да бұдан да өрескел қылықтары кешіріліп жүргенін атап өтті.
«Сүйкімді адам екен, иә? Харизмасы бар жігіт екен. Айтыстың үзіндісін көріп, көзімнен жас аққанша күлгенім-ай. Мені күлдіру, негізі, оңай шаруа емес. Барлық адам міндетті түрде салмақты болуы керек пе?! Онсыз да бәрі күрделі. Өмірге әзілмен қарау керек. Жарты жыл айтысқа шығуға тыйым салады дейді. Талай әртістер одан да зорын жасайды. Көрерменді сахнада тұрып балағаттайды, сөзге келіп қалады, бірақ «еркелік қой» деп кешіреді. Ал сіз қалай ойлайсыз? Ақынды халық қолдай ма? Қолдасаңыздар, бөлісіңіздер», – деп жазды әнші.
Меруерт Түсіпбаева айтыскерге қатысты шешімге осылайша пікір білдіріп, көпшіліктен Мақсат Ақановты қолдауды сұрады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0