Тамара Асардың ұлы Әлішердің неден қайтыс болғаны белгілі болды

Әлішерді Ақтөбеде көлік қағып кеткен. Ол ол жаққа досының үйлену тойына қатысу үшін барған екен.

Қазан 7, 2025 - 15:17
Тамара Асардың ұлы Әлішердің неден қайтыс болғаны белгілі болды
Продюсер Жан Мұқанов әнші Тамара Асардың жолдасы Бекмырза Жұмаштың бірінші некесінен туған ұлы Әлішердің қазасына қатысты мәлімет берді.
«8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күні өтеді. Бәрі білсін - қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы - жүрек байланысы. Әлішер Тамара Асардың туған ұлы болмаса да, осы жылдар ішінде туған баласындай болып кетті. Ол да Қамбар сияқты олардың ұлы және Жұмаш пен кішкентай қыздары Ажардың ағасы еді», – деді продюсер.

Сондай-ақ Жан Мұқанов жас жігіттің өліміне не себеп болғанын да нақтылады. Оның айтуынша, Әлішерді Ақтөбеде көлік қағып кеткен. Ол ол жаққа досының үйлену тойына қатысу үшін барған екен.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысының Наурызым ауданының әкімі Мәди Өмірзақұлы ИхтиляповӘлішердің мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтып, отбасының қайғысына ортақтасқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow