Танымал актер түрмеден шыға сала әкесіне көлік сыйлады
Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған жазасын өтеп шыққан белгілі актер Асқар Жұмабек әкесіне автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі бұл жаңалықты әлеуметтік желіде бөлісіп, әкесінің өзінің қамауда болған күндерін қаншалықты ауыр өткергенін айтып, енді оған қуаныш пен бақытты сәт сыйлағысы келетінін жеткізді.
«Әке, сүйенішім, осы сыйды қабыл алыңыз. Сіздің бақытты жүзіңізді көру - мен үшін ең маңыздысы! Бұл сондай бір үлкен сый емес, бірақ шын жүректен. Жүрегім бір тынышталып қалды. Темір тордың арғы жағында болғанда, сіздің маған кездесуге келгеніңізді ешқашан ұмытпаймын. Қаншалықты қиналғаныңызды, жүрегіңіздің қан жылап тұрғанын білдірмеуге тырысқаныңызды байқадым. Ештеңе істей алмасаңыз да, менімен бірге уайымдадыңыз. Енді сол ауыр күндердің орнын қуанышты сәттермен толтырғым келеді, әке!», - деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0