Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді

Желтоқсан 17, 2025 - 14:43
 0  10
Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді
Фото: Harald_Landsrath

Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Олардың ішінде 7 жұп егіз бар. Бұл күні жаңа туған нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздардың саны бірдей болды - 362 және 363.

"Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетіп, жауапкершілік пен біліктіліктің жоғары деңгейін растады", - дейді министрлік.

Кеше мерекеде Астанада таңғы уақытта 18 сәби дүние есігін ашқан болатын. Олардың – 7-уі ұл, 11-і қыз.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0