«Тэнге емес, теңге». Хейтке ұшыраған футболшының орыс журналисін түзеген видеосы тарады
Ұлттық құраманың және «Зенит» футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп қазақша сұрақ қойған журналистің әрекетін хайпқа теңегеннен кейін өзі хейттің астында қалды. Осы орайда әлеуметтік желінің беттерінде футболшының шын мәнінде қазақ тіліне жаны ашитындығын көрсететін видеолар тарады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Зенит» YouTube арнасында жарияланған «Круговой vs. Әліп, Викторина про Казахстан» шығарылымында жүргізуші Нұралыға сұрақ қояды. Сұрақ қою барысында «тэнге» деп сөйлеген журналисті Отандық футболшымыз, «Тэнге емес, теңге. Көбі тэнге деп қате айтады. Дұрысы теңге», деп түзейді. Осы тұста ол орыстың деньги деген сөзі теңге дегеннен шыққанын да атап өтеді.
«Нурик жарады», «Дұрыс айтады теңге сөзінен шыққан», «Ең үздік», «Дэнги деп айтқан сияқты ғой», «Айналдым, аман бол», «Басқалары болса отырады ғой, дұрыстауға қорқып. Нұралы қалай айтуды үйретіп отыр, жарайсың!», деп желі қолданушылары жарыса жазды.
Бұдан бөлек, Нұралы Әліп «Зенитке» жеңіс голын сыйлағанда комментатордың «Қазақстан гол салды! Қазақстан!», деген видеосы тарады. Осы голдан кейін Нұралының командаластары «Казахстан сила» деп айқайлайды. Ал желі қолданушылары болса, Әліптің бұл хейтке лайық емес екенін жазды.
Сіздің реакцияңыз қандай?