«Терімді тарттырамын»: Алтынай Жорабаева 37 келі салмақ тастағанын айтты (ВИДЕО)

Қыркүйек 10, 2025 - 12:46
«Терімді тарттырамын»: Алтынай Жорабаева 37 келі салмақ тастағанын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Бірнеше келі салмақ тастап, арықтап кеткен Алтынай Жорабаева оқырмандарының сынына жауап берді, - деп хабарлайды sadaq.kz.

Көпшілік Жорабаеваға арықтағаннан кейін терісі салбырап кеткенін жазған. 

"Көзіңді неге олай істегенсің? Түріңе не болып кеткен? Бұрынғы қалпың әдемі еді ғой", деп мені 20 жыл бұрынғы Алтынаймен салыстырады. Жандарым-ау, мен елуге жақындадым ғой. 37 келі салмақ тастаған адаммын, 50-ге жақындағанмын. Әрине, терім салбырайды. Жайлап жаттығулар жасап жатырмын, нәтижесі болар. Әлде семіріп, былшиып жүре берейін ба? Маған артық салмақ ыңғайсыздық тудырады. Кімге жағады ол? Ешкімге! Денсаулыққа өте зиян. Мүмкін салбыраған терімді тартып тастармын, кім біледі?", - деді ол. 

Желі қолданушылары Алтынайдың бұл ренішіне түрлі пікір жазды. 

"Жас кезіңнің бәрі семіздікпен өтті, қартайғанда арықсың ба, толықсың ба бәрібір", "Маңдайыңызға не болған, шашыңыз әдемі еді ғой", "Бұрынғы Алтынай емес. Мінезі жақсы еді, қазір былш-былш сөзі көп", "50-ге келіп арықтау енді есіңе түсіп жатыр ма", деді олар. 

@omir1retberiledi #Алтынай Жорабаева #салмақ #врекк #жұлдызды ♬ оригинальный звук - Басты жаңалықтар

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow