Теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі көтеріле ме – Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Бүгін ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 процентке дейін көтерген еді.

Қараша 29, 2024 - 15:47
Қараша 29, 2024 - 16:12
Теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі көтеріле ме – Ұлттық банк төрағасы жауап берді
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Бүгін ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 процентке дейін көтерді. Банк басшысы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, осыдан кейін банктер теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесін өсіреді.
“Әрине, әрбір банктің өз саясаты бар. Дегенмен ереже сондай: егер біз базалық мөлшерлемені 1 процентке көтерсек, олар да 1 процентке көтеруі мүмкін. Бірақ банктер өздігінен шешім қабылдайды”, - деді Сүлейменов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, базалық мөлшерлемеге қатысты шешімнен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін жариялайды.
Ал екінші деңгейлі банктер жаңадан ашылған мерзімсіз салымдар бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені бірден немесе кейінірек жаңадан бекітілген ең жоғары мөлшерлеменің шегіне дейін көтеруге немесе қолданыстағы шартты өзгеріссіз қалдыруға құқылы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow