«Әсері атом бомбасынан кем емес»: депутат TikTok-қа шектеу қоюға шақырды

Ақпан 19, 2025 - 12:42
 0  73
«Әсері атом бомбасынан кем емес»: депутат TikTok-қа шектеу қоюға шақырды
Фото: parlam.kz

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке TikTok желісіне шектеу қою туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Депутат TikTok-тың жасөспірімдерге кері әсерін атап өтіп, платформаны реттеудің маңыздылығын көтерді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде ұлттық құндылықтар мен әдепке қайшы келетін, балалардың санасына зиян тигізетін контент көбейген.

«Бүгінде балалардың әліппесі – әлеуметтік желі, емізігі – TikTok, бесік жыры – Instagram болып барады. Ұрпақ тәрбиесімен ата-ана емес, гаджеттер айналысуда», – деді депутат.

Әшімжан TikTok-қа қатысты шектеу шараларын әлем елдерінің енгізіп жатқанын еске салып, Қазақстанда да балалардың бұл платформаны пайдалануын заңмен реттеуді ұсынды.

Депутат Үкіметке келесі шараларды қолға алуды ұсынды:

TikTok-тағы әдепке, ұлттық құндылықтарға және балалардың психологиясына зиян келтіретін барлық контентке шектеу қою.

TikTok-ты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдалануына заң жүзінде шектеу қою немесе толық тыйым салу механизмін қарастыру.

Бұл мәселе бойынша Үкіметтен заңнамада көрсетілген мерзім ішінде жауап беру сұралды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0