Тікұшақ апаты: Сорбұлақтың түбінен үшінші адамның денесі табылды

12 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды.

Тамыз 12, 2025 - 11:30
Тікұшақ апаты: Сорбұлақтың түбінен үшінші адамның денесі табылды
Фото: Қорғаныс министрлігі

12 тамыз күні экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің денесі табылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат.

Қаза тапқан ұшқыштардың үшеуі де Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі. Әріптестері марқұмдарды әрдайым көмекке дайын, қайырымды, әрі жанашыр азамат ретінде еске алады.

Акваторияны және оған іргелес аумақты зерттеу бойынша іздестіру шаралары жалғаса бермек. Осыған сәйкес тікұшақ бөліктерін анықтау және жағаға шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow