Тіл мәселесін көтерген журналистерге «түсіндіру жұмыстары» жүргізілуде

Ақпан 5, 2026 - 11:00
Ақпан 5, 2026 - 11:18
 0  3
Тіл мәселесін көтерген журналистерге «түсіндіру жұмыстары» жүргізілуде
Фото: ЖИ

Қазақстанда жаңа Конституция жобасына қатысты ұсыныс тастаған журналистердің үйіне полиция келді. Атап айтқанда, Жалғас Ертай мен Дина Елгезектің пәтерлеріне құқық қорғау органдары барып, «түсіндірме жұмыстарын» жүргізген, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Журналист Жалғас Ертайдың айтуынша, полиция оның әлеуметтік желідегі Конституция жобасына қатысты жазбасын өшіруді талап еткен. Алайда ол бұл талаптан үзілді-кесілді бас тартқан. Еске сала кетейік, Жалғас Ертай Конституциядағы «орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген 7-баптың 2-тармағын алып тастауды ұсынған болатын.

Дина Елгезек те өз кезегінде билік өкілдерінің бұл әрекетіне қатысты ашық наразылығын білдірді. Ол өзінің жазбасында:

«Мен, Дина Елгезек, Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар. Тілімді қорғау — Отаным алдындағы перзенттік парызым!» — деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, дәл осы күні Алматыда Конституция жобасына қатысты өткен жиында сөз сөйлеген спикерлердің бірі ұсталды. Қоғам белсенділері бұл оқиғаларды сөз бостандығы мен азаматтық белсенділікке жасалған кедергі ретінде бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0