Тіс емханасындағы бала өлімі: Анестезиолог жазадан құтылып кетті

Желтоқсан 22, 2025 - 17:21
 0  26
Тіс емханасындағы бала өлімі: Анестезиолог жазадан құтылып кетті
Фото: Pixabay

Бүгін Dent Park Ortho клиникасындың анестезиолог маманы Аида Жұмағалиеваға үкім шықты. Сот дәрігерді кінәлі деп танығанымен, амнистияға байланысты жазадан босатты, деп хабарлайды sadaq.kz

Оған екі жылға бас бостандығынан айыру және үш жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілініп,  жазасын өтеуден босатылды.

Айта кетейік, Астанада өткен жылы 30 қазанда 3 жасар қыз тіс емдетіп жатып көз жұмған еді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0