«Тыйым салынған әдіс қолданған»: Қарағандыда спортшы жекпе-жек турнирінен кейін комаға түсті
Қарағандыда ережесіз жекпе-жек турниріне қатысқан 18 жастағы спортшы басынан ауыр жарақат алып, комаға түсті. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде спортшының әпкесі жазды. Оның айтуынша, 2026 жылғы 14-15 ақпан күндері Қарағандыда ережесіз жекпе-жек турнирі өткен.
Бірінші күні оның ағасы Арслан екі кездесу өткізіп, жеңіске жеткен. Келесі күні жекпе-жек кезінде қарсыласы тыйым салынған әдісті қолданып, ағасын баспен лақтырғанын айтады.
Осыдан кейін спортшы басын ұстап, әрең орнынан тұрған. Әпкесінің жазуынша, оның жағдайы ауыр болған, соған қарамастан, жекпе-жек тоқтатылмаған.
Екінші раунд аяқталғаннан кейін Арслан бірден есінен танып құлап, қырылдай бастаған. Ол дәл рингтің үстінде комаға түскен. Әпкесі болған жағдай видеоға жазылғанын айтып, видеоны желіде жариялаған.
Ауруханада спортшыға мынадай диагноз қойылған: жарақаттан кейін миға қан құйылу, мидың ауыр жарақаты, сол жақ ми сыңарының жіті субдуралдық қанды ісігі, мидың ісінуі, 2-3 дәрежедегі кома. Спортшыға шұғыл ота жасалған.
Оның жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр. Отбасы полицияға арызбен жүгінген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0