Тоқаев Ата заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты ойын айтты

Қаңтар 30, 2026 - 14:48
 0  0
Тоқаев Ата заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты ойын айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында қолданыстағы Ата заңға енгізілетін түзетулерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кешегі (29 қаңтар - ред.ескертпесі) отырысында айтылған ұсыныстарға тоқталды.

"Кешегі отырыстағы пікірталаста Комиссия мүшелері "Ата Заңға енгізілетін өзгерістер ауқымына қарасақ, жаңа Конституция қабылдауымыз керек" деген байлам жасады. Шын мәнінде ұсынылған түзетулер жобасы елді институционалдық-құқықтық тұрғыда жаңғыртумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге бұл қадам тұтас мемлекеттік жүйені қайта түзуге жол ашады. Түбірімен өзгерген мүлдем жаңа құжаттың бейнесі қалыптасты. Ата Заңымызда жарқын болашаққа нық қадам басқан бүгінгі Қазақстанның тұғыры әбден бекіген мемлекет ретіндегі идеалдары, қағидаттары мен басымдықтары көрініс табады. Әрине, қолданыстағы Ата Заң Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына елеулі үлес қосты. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан былтырғы 30 тамызда Конституцияның 30 жылдығын кеңінен атап өттік", - деді президент.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0