Тоқаев Чехия Премьер-министрін «Достық» орденімен марапаттады

Сәуір 29, 2026 - 16:54
 0  10
Тоқаев Чехия Премьер-министрін «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке бұл мемлекеттік награда Чехия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталғанын айтты.

– Сіз Қазақстанның сенімді досы әрі халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Екіжақты қарым-қатынасты табысты дамытуға бағытталған сындарлы ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Сіз өзара ықпалдастықты ілгерілету жолында аянбай еңбек етіп келесіз, сол себепті байланыстарымыздың келешегіне сеніммен қараймыз. Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге І дәрежелі «Достық» орденін табыстау туралы шешім қабылдадым. Бұл жоғары марапат қазақ-чех берік достығының жарқын символына айналады. Серіктестігіміз болашақта да жанданып, нығая беретініне сенімдімін, – деді Президент.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0