Тоқаев құқық қорғау органдарына талдау жасауға уақыт берді

Маусым 23, 2025 - 16:37
Маусым 23, 2025 - 16:39
Тоқаев құқық қорғау органдарына талдау жасауға уақыт берді
Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп жазады Sadaq.kz.

«Әрине, құқық қорғау мекемелерінің жұмысында ешқандай қателік немесе жетіспеушілік жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ қара бұлтты төндірудің де қажеті жоқ. Бәріміз бір ел, бір халық болып Қазақстанымыз үшін қызмет етіп, табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ ұлттық парыз, азаматтық борыш. Қазақстан қауіпсіз, заң мен тәртіпке бағынатын ел болуы керек.

Сондықтан менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі бір аптаның ішінде Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек. Барлық түйткілдерді ашық түрде көрсетеді, мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Бұл – өте маңызды жұмыс, оны жалғастыру қажет. Түптеп келгенде, біздің басты бағдарымыз – айқын. Бұл – заң мен тәртіп қағидаты. Қызметтеріңізге табыс тілеймін!», - деді Президент.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow