Тоқаев: «Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді»

Сәуір 10, 2026 - 13:55
chat_bubble  0 visibility  1
Тоқаев: «Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді»
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай сайлауы биыл тамыз айында өтетінін мәлімдеді. Тиісті Жарлық Конституция күшіне енгеннен кейін қабылданады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын.

Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді.

Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі.

Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады.

Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым», - деді Президент ғалымдарды марапаттау рәсімінде.



Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0