Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Sadaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбектің Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесін алған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?