Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

Тамыз 26, 2025 - 09:21
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлады Ақорда.

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

"31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" жиынына қатысады", - деп жазылған хабарламада.

2 қыркүйекте мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow