Тоқаев Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады
Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.
"22 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", - делінген хабарламада.