Тоқаев Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады

Тамыз 24, 2025 - 18:46
Тоқаев Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тілеген.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бұған дейін 10 тамызда Украина тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен еді.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнауына сөзсіз мүдделі екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргідей өте күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow