Тоқаев: «Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін»

Наурыз 17, 2026 - 16:34
chat_bubble  0 visibility  1
Тоқаев: «Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін»
Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жиында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Конституцияның әр нормасы, әр тармағы Тәуелсіздігімізді нығайта түсетінін айтты. 

«Жаңа Конституцияны қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру деген сөз. Бұл – дұрыс пен бұрысты тани білетін, жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата алатын, кемеліне жеткен жұрттың ғана қолынан келетін іс. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр нормасы, әр тармағы Тәуелсіздігімізді нығайта түседі. Әділдік қағидаты бас құжаттың өзегіне айналды. Сондықтан жаңа Ата заңды Әділетті Қазақстанның төлқұжаты десек, қателеспейміз. Мен ел Президенті және Конституция кепілі ретінде бас құжаттағы ережелердің мүлтіксіз орындалуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін. Еліміз әрқашан өсіп-өркендей берсін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!»,– деді Президент. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0