Тоқаев: «Жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер шешімін табуы тиіс»

Ақпан 10, 2026 - 13:15
Ақпан 10, 2026 - 13:22
 0  2
Тоқаев:  «Жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер шешімін табуы тиіс»

Үкімет кеңейтілген отырысында  жол мәселесі туралы да талқыланды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  сөз сөйледі, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Үкімет теміржолмен қатар автокөлік тасымалын дамытуға қатысты ірі жобаларды да жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алуы қажет.  Мен «Қарағанды – Жезқазған», «Орталық – Батыс», «Ақтөбе – Ұлғайсын» бағытындағы жолдың және Қызылорда, Сарыағаш, Рудный қалаларының сыртындағы айналма жолдың құрылысы туралы айтып отырмын. Автокөлік тасымалын дамыту туралы айтқанда, ең алдымен, жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер шешімін табуға тиіс. Жаңа жылға дейін жасанды интеллектіні пайдалана отырып автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформаны іске қосу керек», деді Президент. 

Президенттің сөзінше, жүк және жолаушылар транзитін  тиімді ету үшін шекарадағы өткізу бекеттерін жаппай жаңғыртып, былтыр тоғыз бекет іске қосылған. Келесі жылдың соңына дейін тағы 33 бекет толық жаңғыртылатынын айтты.

«Цифрлық тәсілдер және жасанды интеллектінің көмегімен кедендік рәсімдерді оңтайландыру керек. Бірақ бақылау да әлсіреп кетпеуге тиіс. Еліміздің және көрші мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін өзара байланыстыру керек.
Мен Жолдауымда жүк тасымалын басқаратын «Smart Cargo» цифрлық платформасын, сондай-ақ кеден рәсімдерін жасайтын «Keden» жүйесін енгізуді тапсырдым. Қазір осы жүйелер пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. 
Барлық мекеменің ақпараттық жүйесін өзара кіріктіріп, бұл платформалардың толық іске қосылуын тездету керек. Осылайша, біртұтас интеллектуалды көлік экожүйесі қалыптасады», деді Мемлекет басшысы. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0