«Тоқаевтың жарлығымен»: Сәкен Майғазиев орден алғанын айтып, мақтанды (ВИДЕО)

Маусым 12, 2026 - 12:09
 0  94
«Тоқаевтың жарлығымен»: Сәкен Майғазиев орден алғанын айтып, мақтанды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі ҚР Президентінің Жарлығымен “Парасат” орденімен марапатталды.

“Қателігімді мойындаймын. Тұйық етістікпен тіркескен “керек” сөзі жіктелмейтінін біле тұра "алу керек болғанбыз" деп айтыппын, айыпқа бұйырмаңыздар. 

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мейрамбек екеумізді "Парасат" орденімен, Кенжебекті "Құрмет" орденімен марапаттады! Ұсынылған марапат ел игілігіне баянды болғай! Күллі ҚАЗАҚ халқына мың алғыс!”, - деп жазды ол.

Оқырмандар әншіні құттықтап, тілектерін жазуда.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0