«Төңкеріс жасамақ болғандар да өзіне кешірім сұрауға құқылы»: Мәсімовке кешірім беру ісі қалай қаралады?

Маусым 20, 2024 - 16:41
Маусым 20, 2024 - 18:23
«Төңкеріс жасамақ болғандар да өзіне кешірім сұрауға құқылы»: Мәсімовке кешірім беру ісі қалай қаралады?

«Мемлекетте төңкеріс жасамақ болды» деген айыппен 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовке кешірім беру ісі жайлы президент жанындағы кешірім жасау комиссиясының мүшесі, сенат депутаты Андрей Лукин жауап берді. 

Бұл туралы журналист Динара Сәтжан хабарлады.

«Кешірім беру үшін сотталушының мінез-құлқы мен әдебі, еңбек қызметі, шығындарды өтеу ақысын төлеуі, өз ісіне өкінуі ескеріледі. Комиссия мүшелері Мәсімовты кешіру жайлы комиссия мүшелерімен осы жайттарды негізге ала отырып бір тоқтамға келеді. Содан кейін комиссия мүшелері ақылдасып, дауыс беру арқылы өз пікірлерін білдіреді және көп дауыс жинаған пікірге қарай Кешірім беру жайлы шешім қабылданады. Әрбір азамат, соның ішінде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар да өзіне кешірім беруін сұрауға құқылы. Кешірім беру жайлы талқылада регламент жоқ. Кейде 2-3 сағаттай да ақылдасып, комиссияның әр мүшесінің пікіріне құлақ түрген соң шешім қабылданады. Комиссия алқалары әлі Мәсімов ісіне қатысты жиын өткізбеді. Сондықтан алдын ала бұл жайлы болатын шешім туралы айта алмаймын», – деді Кешірім беру комиссиясының мүшесі Андрей Лукин.

Тағы оқыңыз: «Отанға опаздық жасаған адамға кешірім беруге болмайды» - депутат

Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айында ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов өзіне кешірім беруді сұраған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow