Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
70 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда иорданиялық Зеяд Ишаишпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Төрехан жекпе-жектің екі раундында да басымдық танытып, қарсыласына мүмкіндік бермеді.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан бокс құрамасының Азия ойындарындағы 12 жылдан кейінгі алғашқы алтыны. Соңғы рет отандастарымыз 2014 жылы Инчхонда өткен жарыста чемпион атанған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0