Тоқаев 50 жыл бойы математикадан сабақ берген ұстазды марапаттады
Республика күнінің қарсаңында Ақордада өткен салтанатты жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматтарды әртүрлі деңгейдегі дәрежелермен марапаттады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
Салтанатты шараға жиналғандарды ертеңгі Республика күнімен құттықтаған Тоқаев егемендік декларациясы қабылданар тұста Қазақстан қандай қиын кезеңдерді бастан кешіргенін айтты.
«Шын мәнінде, егемендік декларациясын қабылдау оңайға соққан жоқ. Еліміздің ұлттық құрамы біркелкі емес еді. Сол кездегі Парламентте, яғни Жоғарғы Кеңесте және бүкіл қоғамымызда ұзақ пікірталас, қызу талқылау болды. Құжаттың әр сөзін, әр бабын қорғауға тура келді”,-деді Тоқаев.
Президент салтанатты шарада әртүрлі салада еңбегі сіңген тұлғаларды марапаттады. Соның ішінде ұстаздардың зор еңбегін атап өтті.
«Бірнеше жыл бұрын менің тапсырмаммен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді. Жақында бір топ педагогті өзім арнайы марапаттадым. Бүгін де осы игі үрдіс жалғасын таппақ. Семей қаласындағы №7 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Алма Шүкежанова елу жыл бойы ұрпаққа білім мен тәрбиені қатар беріп келеді. Бүгін Алма Сайдахметқызын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Сондай-ақ бүгін басқа да бірқатар мұғалім жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Осы арқылы мен барша ұстаздар қауымына ерекше ілтипатымды білдіремін»,-деді Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?