Трамп: Иран келісімге келмесе, шабуыл күшейеді

Мамыр 8, 2026 - 09:43
app_badging Мамыр 8, 2026 - 10:03
chat_bubble  0 visibility  1
Трамп: Иран келісімге келмесе, шабуыл күшейеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісімге жақын арада қол қойылмаса, Вашингтон Тегеранға қарсы әскери соққыларды күшейтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Америкалық көшбасшының айтуынша, АҚШ әскері Иран нысандарына бұған дейін де соққы жасаған және қажет болған жағдайда одан да қатаң әрекетке барады. «Егер олар келісімге тез арада қол қоймаса, біз әлдеқайда күшті әрі қатал соққылар жасаймыз», – деді Трамп Truth Social желісінде.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердің жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, келісімге кез келген күні қол жеткізілуі мүмкін.

«Бұл мәміле кез келген күні жасалуы мүмкін. Болмауы да мүмкін. Бірақ меніңше, олар келісімге бізден де көбірек мүдделі», – деді Трамп журналистерге.

Бұған дейін Иран тарапы АҚШ күштерін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптаған болатын. Тегеран Ормуз бұғазы маңындағы жағдайдың қайта шиеленіскенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0