Трамп Кеннеди мен Мартин Лютер Кингке жасалған қастандықтың бетін ашпақшы
Бірінші президенттік мерзімінде Трамп Джон Кеннедидің өліміне қатысты қосымша ақпаратты жария етуді тапсырған, енді бұл жұмысты аяқтауды көздеп отыр, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Құжатта «Осы өлімнен 50 жылдан астам уақыт өткен соң, құрбандардың отбасылары мен Америка халқы шындықты білуге лайық. Кеннедидің жазбаларын одан әрі жасыру қоғам мүддесіне сай емес және бұл баяғыда кешіктірілген, — деді Ақ үй.
Трамп Ұлттық барлау директорына және басқа да тиісті шенеуніктерге 15 күн ішінде Джон Кеннедиді өлтіру туралы барлық жазбаларды толық ашу жоспарын ұсынуды бұйырды. Президент Трамп өзінің бірінші мерзімінде агенттіктерге Джон Кеннедидің өлтірілгені туралы көбірек ақпарат беруді бұйырғаны, енді ол бұл жұмысты аяқтауды көздеп отырғаны айтылды.
— Мен Ақ үйге қайтып оралған соң, Кеннедидің өлтірілуіне қатысты барлық құжаттарды ашамын және жария етемін. 60 жыл болды, Америка халқына шындықты білетін кез келді! , — деді Дональд Трамп.
Бұрынғы президент Джо Байден 2021, 2022 және 2023 жылдары ақпаратты ашуды кейінге қалдырды. 1992 жылы Конгресс кісі өлтіруге қатысты барлық жазбаларды 25 жыл ішінде жариялауды міндеттеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?