Трамп-Путин саммиті келісімсіз аяқталды

АҚШ-тың Аляска штатының Анкоридж қаласындағы әскери базада Трамп-Путин саммиті мәресіне жетті. Құрама Штаттар мен Ресей президенттері 3 сағатқа жуық келіссөздерден кейін журналистер алдында баспасөз маслихатын өткізді. Бірінші болып Владимир Путин мәлімдеме жасады. Содан кейін Дональд Трамп сөз сөйледі.
Өз мәлімдемесінде Трамп келіссөздердің келісімсіз аяқталғанын мойындағанымен, Украина мәселесі бойынша «үлкен прогресс» жасалғанын атап өтті. Тағы бір сөзінде Трамп екі жақтың позицияларында өзгешеліктер барын айтып, енді Украина президенті Владимир Зеленскиймен және НАТО басшысымен сөйлесетінін хабарлады.
Путин «жанжалды аяқтауға шын жүректен мүдделі» екенін мәлімдегенімен, осы сөзіне қатысты егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
Айта кететін тағы бір жайт, Трамп Путиннің «келесі кездесу Мәскеуде өтсін» деген ұсынысымен келісетінін білдірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






