Трамп Путинге берген мерзімін 10-12 күнге дейін қысқартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге бітім жасасу үшін берілген мерзімді 10-12 күнге дейін қысқартатынын мәлімдеді. Бұл шешім Ресейдің Украинаға үздіксіз шабуылдары тоқтамай тұрған тұста қабылданды, деп жазады Азаттық радиосы.
28 шілде күні Шотландиядағы Тернберриде журналистермен сөйлескен Трамп Путиннен "көңілі қалғанын, Мәскеуге Киевпен бітім жасасу үшін берілген 50 күндік мерзімді күтуді мәні жоқ екенін айтты:
"Бүгіннен бастап 10-12 күнге ұласатын жаңа мерзім белгілеймін" деді Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кеир Стармермен кездесу барысында. "Біреумен ұзақ уақыт жұмыс істесең, оның не істеп, не қоятынын білесің. Мен [Путинге] мүмкіндік бердім. Ол оны пайдаланбай отыр".
14 шілдеде, бастапқы 50 күндік мерзімді жариялау кезінде, Трамп Ресейге "өте қатаң баж салығын" енгізетінін айтып, тіпті Ресейдің энергия ресурстарын сатып алатын елдерге де шара қолдануға болатынын меңзеген. Енді қысқартылған жаңа мерзімді жариялай отырып, ол: "Бәлкім, біз Ресеймен әлі де келісімге келетін шығармыз. Бірақ бәрі де кеш болмақ", — деді.
Өткен жұмада АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Трамптың Мәскеуге деген "төзімі таусылып" бара жатқанын, мұның салдары ауыр болатынын ескерткен.
Украина Трамптың бұл мәлімдемесіне жылы қабылдады.
"АҚШ президенті Дональд Трампқа оның табанды ұстанымы мен айқын мәлімдемесі үшін алғысымызды білдіреміз. Бейбітшілік тек күш арқылы келеді" — деді Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Telegram-да. "Президент Трамп Путинге берген мерзімді қысқартатынын айтты, өйткені жауап анық. Путин тек күшті ғана түсінеді, бұл хабар қазір нақты және қатты айтылды. Бұл — Украина президенті Владимир Зеленский де толық қолдайтын ұстаным", — деді Ермак.
Ресей билігі әзірге Трамптың бұл сөзі жайлы пікір білдірмеді.
Украина мен Ресей делегациялары 23 шілдеде бейбіт келіссөздердің үшінші кезеңі аясында кездесті. Бұл келіссөздер 16 мамырда басталғанымен, айтарлықтай ілгерілеу болмаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






