Трамп: Ресейге көмектескендер жазаланады

Дональд Трамп "Ресейге көмектескеннің барлығы жазасын алады" деген мәлімдеме жасады. Жай сөзбен шектелген жоқ. Алғаш болып, Үндістанға 25 пайыздық тариф енгізді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Тариф енгізуге Үндістанның арзан бағамен Ресейден мұнай сатып алатыны себеп болған.
АҚШ билігінің айтуынша, Ресеймен саудадан пайда көретін өзге елдер де дәл осылай жазалануы мүмкін.
"Жалпы, Үндістан нарығы америкалық туарлар үшін әркез жабық болды. Біздің нарық болса, олар үшін ашық. Бұл жайт та біздің назарымызды аударды. Келіссөздердің нәтижесі де президент Трамптың көңілінен шықпады. Ең бастысы, санкцияларға қарамастан, тым пайдакүнемдікке салынып, Ресей мұнайын өте арзан бағамен сатып алып, өзгелерге сатып жатыр. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз", - дейді АҚШ ұлттық экономикалық кеңесінің директоры Кевин Хассеттю.
Сіздің реакцияңыз қандай?






