Трамп Тегеран тұрғындарын тез арада қаладан кетуге үндеді

Маусым 17, 2025 - 10:48
Трамп Тегеран тұрғындарын тез арада қаладан кетуге үндеді

Трамп Truth Social желісінде Иран халқына арнап жазба жариялады. 

Өз жазбасында ол Иранның ядролық қару ұмтылысының қателік болғанын айтқан.  Айтуынша, бұл туралы бірнеше рет ескерткен.

"Иран бұл келісімге қол қоюы керек еді, мен олардан соны талап еттім. Өкінішті, қанша адам орынсыз қаза болды. Қарапайым тілмен айтқанда, Иран ядролық қару қолданбауы тиіс. Мен бұл туралы қайта-қайта айтып келемін! Барлығы Тегераннан шұғыл түрде эвакуациялануы керек!", – деп жазған Трамп.

Трамптың түсініксіздеу бұл мәлімдемесі БАҚ арасында түрлі пікір тудырып жатыр. Көбі жуық арада Израйль тарапынан ауқымды шабуыл болады деп жорамалдаған. 

Қазіргі уақытта Трамппен бірге Канададағы "Үлкен жетілік" саммитінде жүрген президенттің баспасөз байланыстары жөніндегі көмекшісінен BBC тілшісі Энтони Зуркер түсініктеме сұрап көрген. Десе де, ол журналисті Ақ үйдің баспасөз қызметіне жүгінуді сұраған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow