Трамп Зеленскийді бейбітшілік келіссөзіне кедергі жасады деп айыптады

Сәуір 24, 2025 - 10:46
Трамп Зеленскийді бейбітшілік келіссөзіне кедергі жасады деп айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийді Украинадағы соғысты аяқтау бойынша Ресеймен келіссөзге кедергі жасады деп айыптады, деп жазады Азаттық радиосы. 

"Украина президенті Владимир Зеленский The Wall Street Journal басылымына "Украина Қырым оккупациясын ешқашан мойындамайды. Мұнда айтатын да ештеңе жоқ" деп мәлімдеді. Мұндай мәлімдеме Ресеймен бейбіт келіссөзге кедергі келтіреді, себебі [Украина] Қырымнан көп жыл бұрын Обама президенттігі тұсында айырылған еді және қазір бұл талқыланбайды да. Ешкім Зеленскийден Қырымды Ресей жері деп тануды сұрап тұрған жоқ, бірақ ол оны қайтарғысы келсе, Украина ол үшін 11 жыл бұрын – Ресей оны бірде-бір оқ атпай алған кезде неге күреспеді? Оның үстіне Қырымда баяғыдан бері маңызды ресейлік әскери базалар бар" деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Трамптың пікірінше, "бейбітшілік келісімнің жасалуына аз уақыт қалды" және "қолында көзірі жоқ" Зеленский мұны түсінуі керек, әйтпесе "тұтас елден айырылайын" деп тұр. Оның пікірінше, Зеленскийдің мәлімдемелері Украинадағы соғысты "тек ұзартады".

Сейсенбі күні АҚШ-тың Киевтен Қырымды Ресей жері деп тануды талап ететіні жөнінде ақпарат құралдарында хабар пайда болған кезде сұрақтарға жауап берген Украина басшысы Владимир Зеленский "Украина ешқашан Ресейдің Қырымға құзыретін мойындамайды" деп айтқан еді. Зеленскийдің сөзінше, Қырым мен Ресей басып алған өзге жерлердің мәртебесін талқылау соғысты созбалақтатып жібереді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow