«Трампқа қатысты айғақтар бар»: ФБР ғимаратынан мыңдаған құпия құжат сақталған жасырын бөлме табылды

ФБР директоры Кэш Патель Вашингтондағы ФБР штаб-пәтерінде (Гувер ғимараты) жасырын бөлме тапқанын хабарлады.
Бюро ғимаратындағы жасырын бөлмеде мыңдаған құпия құжат сақталған. Құжаттар «өртеуге арналған қаптарда» болған. Бұл туралы Fox News және басқа да ақпарат көздері хабарлады.
Кэш Пательдің айтуынша, бұл бөлме туралы ФБР-дің қазіргі басшылығы білмеген, ал бұрынғылары ақпаратты әдейі жасырған. Жойылуы тиіс құжаттардың ішінде Рашагейт» тергеуіне байланысты яғни Трамп пен Ресей президенті Путин екеуінің арасындағы ықтимал байланысқа қатысты істер мен 2016 жылғы сайлау мен арнайы прокурор Джон Даремнің есебіне тіркелген материалдар бар.
Бұл ақпарат АҚШ-тағы саяси ортада қызу пікірталас тудырып жатыр. Дональд Трамп бұған дейін экс-президент Барак Обаманы 2016 жылғы сайлауға Ресейдің араласуы туралы мәліметтерді ойдан шығарды деп айыптаған болатын.
Алайда, кейбір дереккөздер табылған құжаттардың шынайылығына күмән келтіріп, олардың Демократиялық партия тарапынан жасанды болуы мүмкін екенін айтады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






