Түркістан облысында 23 жастағы әскери қызметкер 15 жастағы қызды жүкті еткен

Қазір 16 жастағы қыз бала босанып алған. Өзін 23 жастағы әскери қызметші еркінен тыс жыныстық қатынасқа тартып, ақыр соңы осындай жағдайға дейін "ұят болады", "масқара боласың" деп "көзін байлап" келгенін айтады.
Әскери қызметші оқушы жүкті кезде даудан қашып үйленіп алса керек. 6 айдан кейін қызды үйіне апарып тастаған.
Журналист Жазира Бегалының сөзінше, қыз өзі барынша құзырлы органдарға шағым түсірген. Бірақ, істе өзгеріс жоқ. Оның анасы отбасындағы жалғыз асыраушы екен. Ал әкесі өмірден өтіп кеткен.
"15 жастағы қыздың етегін түрген 23 жастағы азаматтың әрекеті қылмыстық іспен қаралуы тиіс. Тергеуші 15 жастағы қыздан "өз еркіммен келдім" деген қолхатын алып, істі жылы жапқаны қалай? ІІМ, прокуратура істі қолға алып, қорғансыз балаға көмек қолын созса екен",-деп жазды журналист Жазира Бегалы.
Сіздің реакцияңыз қандай?






