Түркістан облысында тауға шыққан турист қаза тапты
Түркістан облысында екі адам тауға шығып түсе алмай қалған. Біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте құтқару операциясын жүргізді.
Оқиға Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында теңіз деңгейінен 2400 метр биіктіктегі Шүңкілдек асуында болған.
"Ер адам досының жартастан құлап, қаза тапқанын айтқан. Оның айтуынша, өзі де тауда жүрген кезде денсаулығы күрт нашарлап, өздігінен төмен түсе алмай қалған. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді", - дейді төтенше жағдайлар министрлігінде.
Құтқару жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да жұмылдырылды.
"Тікұшақтың көмегімен жетуі қиын таулы аймақтан 1993 жылы туған ер адам эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге жеткізілгеннен кейін оны жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігерлері қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Госпитализация қажет болмады", - дейді министрлікте.
Сонымен қатар таудан 1978 жылы туған ер адамның мәйіті түсірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жартастан құлап, қаза болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0