Түркістан облысында тұрмысы жақсы отбасылар өздерін кедей етіп көрсеткен

Қыркүйек 23, 2025 - 14:24
Түркістан облысында тұрмысы жақсы отбасылар өздерін кедей етіп көрсеткен
Фото: Pixabay

Түркістан облысында тұрғындар мүліктері мен табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Атап айтқанда, Сарыағашта - 11 тұрғын, Келесте - 6 және Мақтааралда - 2 түрғын табысын жасырып, мемлекет қаржысынан 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген.

"Сонымен қатар Келес ауданындағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде отбасымен бірге тұратын мүшелерін әдейі жасырған. Осылайша жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан. Олар 2,2 млн теңгені заңсыз алған", - дейді ведомство.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow