Түркістан облысында үш полицей жас қызды зорлаған: ІІМ ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Желіде Түркістан облысында полицияның үш қызметкері қыз зорлады деген ақпарат тарады. ІІМ тексерісті бастады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Egovpress Telegram-арнасында құқық қорғау органы қызметкерлері заңсыз әрекеттерге барды деген ақпарат тарады. "Түркістан облысы ПД-ның үш қызметкері зорлық жасаған. Олар жедел түрде жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр", - делінген жазбада.
NUR.KZ тілшісі пікір сұрап, ІІМ баспасөз қызметіне жүгінді. Онда Түркістан облысының 18 жасар тұрғыны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу туралы арыз жазып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
"Полицияның бұрынғы қызметкерлерінің іске қатысы бар-жоғы толыққанды тексеріліп жатыр және сотқа дейінгі тергеу аясында құқықтық баға беріледі. Одан бөлек қызметтік тексеріс нәтижелеріне сай, аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан теріс себептермен - қызметінің беделіне нұқсат келтіргені үшін шығарылған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Оқиғаның мән-жайларын жан-жақты, толыққанды және әділ анықтауға бағытталған тиісті тергеу әрекеттері жасалып жатқаны да айтылды. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0