Түркістан облысында жасөспірімді зорлап, балалы еткен 71 жастағы қария сотталды

Ақпан 24, 2026 - 15:25
Ақпан 24, 2026 - 15:27
 0  1
Түркістан облысында жасөспірімді зорлап, балалы еткен 71 жастағы қария сотталды
Фото: Жасанды Интеллект

Түркістан облысында кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлап, оны жүкті еткен 71 жастағы қарияға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Оқиға 2024 жылдың күзінде Келес ауданы, Еңбекші ауылында орын алған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 71 жастағы ер адам өзінің туыс ағайынының 16 жастағы қызын үйде үлкендер жоқ кезде пайдаланып, бірнеше рет азғындық әрекеттерге барған. Соның салдарынан мектеп оқушысы жүкті болып қалған.

Сотта белгілі болғандай, жәбірленуші мен сотталушы көрші тұрған. Қыздың анасы Астанаға, ал әкесі жұмыс бабымен кеткен кезде, қария үйге ұрланып кіріп, қызды қорлаған. Судья Дәурен Мәдалиевтің айтуынша, айыпталушы бұл әрекетін үш күн қатарынан қайталаған.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы жасөспірімнен туған баланың әкесі 99,9% ықтималдықпен сотталушы екенін растады. Соған қарамастан, 71 жастағы қария өз кінәсін мойындаудан бас тартқан.

Түркістан облыстық сотының шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0